Каспий жағалауынан 100-ден аса өлі итбалық табылды

630

Итбалықтардың өлексесі Маңғыстау облысының Баутино мен Форт-Шевченко елді мекендері арасындағы Каспий теңізі жағалауынан табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Каспий жағалауынан 100-ден аса өлі итбалық табылды

Теңіз жануарларының жаппай қырылуы туралы хабарлама кеше сағат 19.30-да Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығына келіп түскен. Мамандар шұғыл жиналып оқиға орына барды. 

"Бүгін сағат 17-дегі жағдай бойынша алшақ орналасқан әр жерден 131 өлі итбалық табылды. Қазіргі уақытта олардың өлімнің себептерін анықтау үшін зертханалық зерттеу жарайтындары іріктелуде. Өйткені жануарлардың денелері бұзыла бастаған", - деп түсіндірді Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының директоры Әділхан Тауасаров.

Қазіргі уақытта жағалау сызығын зерттеу жалғасуда. Орталық мамандары балық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, Каспий теңізінің басқа учаскелерін де шолып шықпақ. Зерттеу жүргізу үшін итбалықтардың өлген жеріндегі су мен топырақтан сынамалар алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу