Каспий жағалауынан 15 итбалықтың өлексесі табылды

446

Қазіргі уақытта мамандар биологиялық үлгілер мен су сынамаларына талдау жүргізіп жатыр.  

Каспий жағалауынан 15 итбалықтың өлексесі табылды Фото: Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы басқармасы теңіз жағалауынан итбалықтардың өлекселері табылғанын растады. Олардың неден өлгені әзірге белгісіз, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Каспий итбалығы" мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары 12 қазанда Түпқараған ауданындағы Баутин ауылының батыс жағалауын тексеру кезінде жануарлардың өлекселерін анықтаған. 11 қазанда Ақтау тұрғыны Баутин ауылы маңындағы ұзындығы 2,5–3 шақырым болатын жағалаудан бірнеше итбалықтың өлексесін көргенін хабарлаған. Ол түсірген фотосуреттерін жергілікті Lada.kz басылымына жолдаған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Экология департаменті мамандары теңіз суы мен топырақтан сынама алды. Жақын арада санитарлық талаптарды сақтай отырып, жағалауды тазарту жұмыстары жүргізіледі.

Итбалықтардың қырылу себебі зертханалық сараптама нәтижесі шыққаннан кейін белгілі болады.

Мамандардың сөзінше, көктем мен күзде соғатын солтүстік-батыс және батыс бағытындағы қатты жел итбалықтардың өлекселерін теңіз жағалауына шығарып тастауы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу