Каспий жағалауынан 250 тонна қоқыс жиналды

299

Демалушылардан қалған қоқысты күн сайын 80 жұмысшы тазалайды.

Каспий жағалауынан 250 тонна қоқыс жиналды Фото: Un News

Маңғыстауда Сайын Шапағатов ауылы әкімдігі екі айдың ішінде жағалаудан 250 тонна қоқыс жинаған. Олар тұрғындардың демалу мәдениетінің аздығынан Каспий теңізінің жағасы қоқыс полигонына айналғанын айтады.

Сайын Шапағатов ауылы әкімдігі Каспий теңізінің 43-шақырымдағы және 68-шақырымдағы "Голубая бухта" демалыс орнынан қоқыс терген.

"Жағалауды апта сайын тазалауға тура келіп отыр. Өйткені демалушылар қоқыс тастап, қоршаған ортаны бүлдіріп кетеді. Тіпті тұрмыстық қалдықтан аяқ алып жүру мүмкін болмай қалады. Сондықтан әкімнен бастап, кіші қызметкерге дейін 10-15 маман тазалық жұмыстарын жүргізуге мәжбүр", - дейді Сайын Шапағатов ауылы әкімінің орынбасары Ғибрат Мұхамбет.

Сайын Шапағатов ауылына жақын орналасқан Ақшұқыр ауылындағы жағалаудан да аптасына 1 тонна қоқыс шығарылады.

Демалушылардан қалған қоқысты коммуналдық қызметтің 80 жұмысшысы күн сайын таңертеңнен кешке дейін тазалайды. Қоқыс жәшіктері күніне екі рет төгіледі екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу