Каспий жағалауынан 88 итбалықтың өлексесі табылды

133

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданынан өлі итбалықтар табылды.  

Каспий жағалауынан 88 итбалықтың өлексесі табылды Фото: ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті

Қызыл кітапқа енген жануарлардың қырылғанын полиция бөлімі тіркеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына инспекция, әкімдік және Гидробиология және экология институтының өкілдері келді.

Итбалықтардың өліміне не себеп болғаны анықталған жоқ, себебі олардың денелері қатты шіріп кеткен. Бұл жағдай сапалы сынама алып, зертханалық зерттеулер, соның ішінде улану мен патологоанатомиялық талдау жүргізуге мүмкіндік бермей тұр.

Болжам бойынша, итбалықтар шамамен екі-үш апта бұрын қырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу