Каспий жағалауында қамыс қайтадан өртеніп жатыр

378

Бүгін 7 шілдеде Каспий теңізінің жағалауындағы өртті сөндіруге тікұшақ жіберу көзделіп отыр.

Каспий жағалауында қамыс қайтадан өртеніп жатыр Фото: ҚР ТЖМ

Атырау облысында Каспий жағалауында тағы қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Асқат Ержановтың мәліметінше, Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр.

"Қамыс өрті Атырау қаласындағы Кеңөзек ауылдық округінен 30 шақырым қашықтықта тіркелді. Кеше, 6 шілдеде кешкі сағат 20:00 де өртті анықтау және бақылау үшін №13 өрт сөндіру бөлімінен 4 қызметкер, 1 техника, №4 өрт сөндіру бөлімінен 1 қызметкер, 1 техника, ал, жол талғамайтын ТРЭКОЛ көлігімен 7 қызметкер жіберілді", -деп хабарлады Асқат Ержанов.

Оның айтуынша, өрт ошағының нақты аумағын арнайы техникалармен анықтау мүмкін емес. Бүгін 7 шілдеде Каспий теңізінің жағалауындағы өртті сөндіруге тікұшақ жіберу көзделіп отыр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу