Каспий жағалауында қамыс өртеніп жатқанына төрт күн болды

737

Елді мекендерге қауіп жоқ.

Каспий жағалауында қамыс өртеніп жатқанына төрт күн болды

Каспий жағалауында 14 қыркүйектен бері қамыс жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгін жергілікті сағат 12:00-дегі жағдай бойынша Каспий теңізінің жағалауындағы 20 гектар аумақта қамыс өртеніп жатыр. Атап айтқанда, Атырау қаласы Кеңозек ауылдық округіндегі Алғабас ауылынан Каспий теңізіне қарай 40 шақырым қашықтықта. Теңіз жағалауында өртенген аумақ батпақты, өрт сөндіру техникаларының жүруіне қолайсыз болып тұр. Соған байланысты өртті сөндіру мүмкін емес", – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан.

Елді мекендерге қауіп жоқ. Өрттен ешкім зардап шекпеген.

Каспий теңізінің жағалауындағы өртті қарауылдау үшін Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 33 қызметкер, 7 техника, оның ішінде 4 АЦ, 1 АСА-20, 1 Газель мен 1 ТРЭКОЛ көлігі тартылған. Департаменттің өрт сөндірушілеріне қамыс өртінің елді мекендерге қауіп төндірмеуін қадағалау тапсырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу