Каспий жағалауындағы 5,9 гектар жер мемлекетке қайтарылды

165

Жер учаскелері сауда-саттық өткізілмей үлестірілген.

Каспий жағалауындағы 5,9 гектар жер мемлекетке қайтарылды Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Жер ресурстарын басқару комитетінің Маңғыстау облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің талап-арызы негізінде сот Ақтау қаласындағы Каспий теңізінің жағалауында орналасқан, жалпы ауданы 5,9 гектар коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Департамент жоспардан тыс тексеру жүргізіп, жер учаскелерін беру кезінде заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады.

Осы заңбұзушылықтарды жою үшін департамент Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы талап-арыз берді.

Сот істі қарау нәтижесінде департаменттің талаптарын қанағаттандырды. Осылайша, коммерциялық мақсаттағы жалпы ауданы 5,9 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу