Каспийде катермен серуендеуге болады

842

Жаңа жобаны жүзеге асыруға 60 млн теңге жұмсалған.

Каспийде катермен серуендеуге болады

Каспий жағалауындағы шаһарда екі бірдей серуен катері пайда болды. Олармен күнде ашық айдынға шығып, қала келбетін тамашалауға болады, деп хабарлайды 24.kz.

Бар-жоғы екі аптада бұл су көліктерімен үш мыңға жуық адам теңіз бетінде серуен құрып үлгерді. Жаңа жобаны жүзеге асыруға 60 млн теңге жұмсалған.

Каспийге катермен серуен күндізгі сағат 11-ден басталады. Билет құны – бір адамға 1000 теңге. Су көлігі жарты сағатқа ашық теңізге шығып, ұзындығы жеті шақырым жағажай жиегімен жүреді. Капитан бұл катердің 90 шақырым жылдамдықпен жүзе алатынын айтып отыр. Бастысы, жолаушылары қорықпаса болғаны.

Ұшқыр катерлер Ресейдегі зауытта құрастырылған. Туристерге арналған су көлігі моторының қуаты – 200 аттың күшіне тең.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу