Ішкі істер министрлігі Каспий теңізінде әскери қызметшілердің қаза табуына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу әлі жалғасып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Іске қатысы бар басқа да тұлғалардың шеңберін анықтап, оларды ұстау мақсатында тергеу жалғасуда", – деп нақтылады министрлік.
Бұған дейін Каспийдегі қайғылы оқиғаға күдікті Қорғаныс министрлігінен 5 лауазымды тұлға ұсталғанын жазғанбыз. Оларға "қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады" деп айыпталып отыр.
Ұсталғандардың қатарында ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, сондай-ақ теңіз жаяу әскерлері ротасының және "Қайсар" катерінің командирлері бар. Олар Ақтаудағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.