Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
Мемлекеттік награданы сарбазға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері салтанатты түрде табыстады.
Бекет Қуандық марапаттау рәсімінен түсірілген суреттерді әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан қаруластарын еске алды.
"Теңізден аман оралған күн – өмірімдегі ең ұмытылмас сәттердің бірі. Бұл марапат – үнсіз қалған ерліктің белгісі. Жатқан жерлері жарық болсын, қаруластарым!", – деп жазды сарбаз.
Осылайша, мемлекеттік наградаға ие болған атыраулық сарбаз қуанышты сәтінде қаза тапқан қаруластарын ұмытпай, олардың рухына тағзым етті.