Каспийге бекіре балығы жіберілді

2019

Каспийге бекіре балығы жіберілді

Атырау бекіре шабақтарын өсіретін зауыт Каспий теңізіне бекіре тұқымдастарына жататын 37 шоқыр балығын жіберді, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл балық осы көктемде Жайық-Каспий бассейнінен бекіре шабақтарын өсіру зауыттары үшін ауланған болатын. Балық мамандары олардан сауу тәсілімен уылдырық пен тұқым алып, енді еркіндікке жіберіп отыр. Балықтар Каспий теңізіне арнайы жасақталған кемелермен жеткізілді. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бекіре тұқымдас балықтарды аулауға мүлде тиым салынған. Оларды тек қана Атыраудағы арнайы екі зауытта тұқым алу үшін аулауға ғана рұқсат бар.  Мұнда жыл сайын 7 миллион бекіре шабақтары өсіріліп, табиғи ортаға жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу