Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады

587

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Басшысы Ильхам Әлиевті республиканың ең жоғары мемлекеттік наградасы "Алтын Қыран" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев  Әзербайжан президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады

"Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-әзербайжан қарым-қатынастарына қосқан зор үлесі үшін Ильхам Әлиевті Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы "Алтын Қыран" орденімен марапаттады", – деп жазылған таратылған ақпаратта.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әзербайжан президентін марапаттау рәсімі Қазақстан президенті ресми сапармен жүрген Бакуде Тоқаев пен Әлиевтің кездесуінен кейін өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу