Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар үйінің 12 тәрбиеленушісіне пәтер кілттерін табыс етті

1182

"Баспана мәселесі әрдайым мемлекеттің назарында болады. Еңбектеріңіз табысты болсын!" – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар үйінің 12 тәрбиеленушісіне пәтер кілттерін табыс етті

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Алматы – 2050" даму стратегиясының жобасын таныстырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Аталған бағдарлама бойынша Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың тұрмысын жақсарту, қауіпсіз қала қалыптастыру, шаһардың шеткері аймақтарының инфрақұрылымын дамыту және басқа да көптеген маңызды мәселелер атқарылады. Сондай-ақ Алматы агломерациясы аумағының даму барысы да қарастырылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев баспана кезегінде тұрған, Балалар үйінің 12 тәрбиеленушісіне пәтер кілттерін табыс етті.

"Баршаңызға жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Баспана мәселесі әрдайым мемлекеттің назарында болады. Еңбектеріңіз табысты болсын!" – деді Мемлекет басшысы.

Жалпы Алматы қаласының "Көкқайнар" ықшам ауданында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша баспанаға мұқтаж осындай 51 адамға тұрғын үй салынып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу