banner

Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан машина жасау зауытына барды

578

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан машина жасау зауытына барды Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" акционерлік қоғамына барып, зауыттың жұмысымен танысты.

Кәсіпорын басшысының сөзінше, зауыт мұнай мен газ, күрделі металл конструкцияларын өндіруге, өңдеуге, тасымалдауға арналған жоғары технологиялық жабдықтар шығарумен айналысады.

"Компания – General Electric компаниясының газ турбинасы бойынша стратегиялық серіктесі. Зауыт аумағында "Baker Hughes General Electric Company" сертификаттаған және BHGE мамандарының ұсыныстарына сәйкес заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ зауыт ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін Fregat себелеп суаратын машиналар өндірісін дамыту жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.

Президент жаңа жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, өндіріс орны мұнай-газ және энергетика салаларына арналған жоғары технологиялық жабдықтар шығарады. Сондықтан да бұл салаларда отандық машина жасау өнімдерінің үлесін арттыру маңызды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу