Мемлекет басшысы: Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес

635

Осыған дейін Президенттің барлығына сенім артқаны үшін алғыс білдіргенін жазған болатынбыз.

Мемлекет басшысы: Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзін үміткер ретінде қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында сөйлеген сөзінде Президенттің өкілеттігін 7 жылдық бір мерзіммен шектеуге тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Тағы бір бастама – Президенттің өкілеттігін 7 жылдық бір мерзіммен шектеу. Мен осы шешім туралы көп ойландым. Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес деген тұжырымға келдім. Мемлекеттің тірегі – жалғыз Президент емес, бүкіл халық. Сондықтан ел басқаруға жаңа буын өкілдерінің келуі өте маңызды. Біз ұлт мүддесін қорғайтын және халыққа адал қызмет ететін азаматтарға жол ашуымыз керек", - деді ол. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, нағыз мемлекетшіл, отаншыл, білікті тұлғалар жұртты жасампаз істерге жұмылдырып, елімізді өркендете алады.  
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу