Қасым-Жомарт Тоқаев 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды

160

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары "Ата бейіт" ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Мұнда Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге "Ата бейіт" атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған.

Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағындағы 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу