Қасым-Жомарт Тоқаев: Біздің қателіктеріміз үшін балаларымыз азап шекпеуі керек

875

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев індет ешкімді аямайтынын, сол үшін сақтану керектігін ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біздің қателіктеріміз үшін балаларымыз азап шекпеуі керек

"Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отыр. Соңғы күндері жүздеген азаматымыздан айырылып қалдық. Әр өңірде ауруханаға түскен науқастардың саны күрт көбейді. Жансақтау бөлімдерінің барлығы іске қосылды. Қосымша дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық сатып алынды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте.

Президенттің айтуынша, вирус ешкімді аяп жатқан жоқ. Жасқа да, кәріге де ауыр тиіп тұр.

"Өзіміз бен туған-туыстарымызды қорғаудың бірден-бір жолы – вакциналау. Әлемдік медицина басқа амалдарды ойлап таппады. Болашақта одан жақсы жолды табуы қиын да секілді. Вакцина – өзіміз бен отбасымызды сақтаудың бірден бір амалы. Біздің қателіктеріміз үшін балаларымыз азап шекпеуі керек. Бейбіт заманда туғандарымыздан айырылып қалуға болмайды. Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал, Үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруға тиіс", - деді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу