Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

308

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Илияна Йотованы Болгария Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Сайлаудағы жарқын жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге артқан жоғары сенімі мен еліңіздің дамуын баянды етуге бағытталған игі бастамаларыңызға көрсеткен қолдауының айқын көрінісі екені сөзсіз, – делінген құттықтау хатта. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Болгария халқына құт-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу