Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіләлемдік форумда бейнеүндеу жасайды

931

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстелге қатысады, деп хабарлайды деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіләлемдік форумда бейнеүндеу жасайды

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.

"Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 20:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстел отырысында бейнеүндеу жасайды. Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейіндегі бұл виртуалды форум БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бастамасымен өтеді", - деп жазды Берік Уәли.  

Жиынның тікелей көрсетілімін БҰҰ-ның  веб-сайтынан көруге болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу