Қасым-Жомарт Тоқаев екі министрге сөгіс жариялады

579

Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі министрге сөгіс жариялады

"Бұрын іске қосылған жеті қант зауытының төртеуі (Алматы және Жамбыл облыстарында) ғана жұмыс істейді. Оның өзінде толық қуатында істемейді, тек үштен бір бөлігі (31%) жүктеулі. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылға қарай қызылша қантының үлесін 6 есеге (7%-дан 43%-ға дейін) арттыруды жоспарлап отыр. Бірақ соңғы төрт жылда қант қызылшасының аумағы үштен бірге азайған.

Біз импортталған қантқа 90% тәуелдіміз. Бұл жерде ЕАЭО шеңберіндегі шешімдерді айтуға болады, бірақ та бұл Үкіметтің үлкен олқылығы. Яғни мемлекет ұстанымын қорғамаған. Үкіметке шұғыл түрде қант саласын дамыту жөніндегі жеке салалық жобаны әзірлеу қажет. Мұндағы мақсат импортқа тәуелділікті едәуір қысқартып, біртіндеп өзін-өзі қамтамасыз етуге көшу.

Ішкі және шетелдік инвесторлардың бұл салаға қызығушылығы айтарлықтай жоғары, дұрыс тәсілдер керек. Бұл ішкі саяси маңызы бар мәселе", – деп атап өтті Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу