Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрін қабылдады

811

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрлігінің алдында тұрған мақсат-міндеттерінің маңыздылығы туралы айтып, халықты электр қуатымен, газбен және жылумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуді тапсырды.

Сонымен қатар мұнай-газ және энергетика салаларындағы әлемдік және отандық ірі компаниялармен өзара ықпалдастық орнату мәселесі қарастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу