Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсені қабылдады

153

Кездесуде Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсені қабылдады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы еліміздің еуропалық ұйыммен өзара ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін растады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Президент Әділетті Қазақстан құруға бағытталған саяси реформалардың ауқымды бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы мәлімет берді.

Ален Берсе Еуропа Кеңесінің Қазақстанмен өзара қарым-қатынас жасауға әзірлігін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу