Президент солай бола тұра, ауыл шаруашылығының одан әрі қарқынды дамуына барлық күш-жігерді салу қажеттігін айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Былтыр бұл сала шамамен 6 пайызға өсіп, агроөнеркәсіп кешенінде өндірілген өнім көлемі 15 триллион теңгеге жетті.
Жеңілдетілген шарттармен қаржыландыру көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 триллион теңгеден 1,5 триллион теңгеге дейін ұлғайды.
Дегенмен бөлінген қаражаттың бір бөлігі күнделікті қажеттіліктер мен айналымдағы қаражатты толықтыру үшін жұмсалып отыр.
Шаруаларға алдағы жұмысын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік беретін кең ауқымды қаржыландыру жүйесі керек.
Сондықтан Үкімет фермерлерді ұзақ мерзімге арналған инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету үшін тиімді әрі пәрменді тәсілдерді енгізуі қажет, – деп сөзін нақтылады Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Президент Қазақстанда шығарылатын тракторлар мен комбайндардың санын көбейту керек екенін айтты.