Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар халқын қолдайтынын жеткізді

460

Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің Әмірімен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар халқын қолдайтынын жеткізді Фото: aqorda.kz

Мемлекет басшысы қазіргідей қиын-қыстау жағдайда еліміз Қатар халқын қолдайтынын жеткізді.

Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің саяси көрегенділігінің арқасында шиеленістің одан әрі ушықпағанын атап өтті.

Сонымен қатар, парасатты басшысы бар Қатар елі аймақтағы ең күрделі мәселелерді шешуде айрықша рөл атқаратынына назар аударды.

Мемлекет басшылары жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастыруға уағдаласып, Қатар Әмірінің алдағы уақытта елімізге жоспарланған сапарын талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу