banner

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан агроинновациялық корпорациясына" барды

477

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына сапары барысында "Қазақстан агроинновациялық корпорациясына" барды, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан агроинновациялық корпорациясына" барды Фото: akorda.kz

Президент жылына 3 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын корпорацияның технологиялық процесімен және өнім үлгілерімен танысты.

"Өндіріс орнында тракторлар, комбайндар, экскаваторлар, шөп шабатын және жинайтын машиналар, тырмалар, тіркемелер, жүк тиегіштер, соқалар және тағы басқа ауыл шаруашылығы техникалары шығарылады. Кейінгі үш жылда 121 миллиард теңгеге 6500-ден астам өнім түрлерін шығарған. Қазір корпорацияда 300-ге жуық адам жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Президент кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесу барысында олардың отандық машина жасау өндірісін дамытуға қосып жатқан үлесіне ризашылығын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Ақпаратқа сәйкес, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі машина жасау саласының жай-күйі туралы баяндама жасады. Оның сөзінше, 5 жыл ішінде өңдеу өнеркәсібі 2,6 есе, машина жасау 3,2 есе, ауыл шаруашылығы техникаларын жасау 6,9 есе артқан. 2022 жылы бұл салаға 3 миллиард теңге инвестиция құйылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу