Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан халқы америкалықтардың қайғысын бөліседі

640

АҚШ-тың екі штатында қаскөйлер тұрғындарға оқ жаудырып, жазықсыз жандар құрбан болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан халқы америкалықтардың қайғысын бөліседі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Огайо мен Техастағы атыстарда қаншама адамның құрбан болуына байланысты көңіл айтты.

"Д. Трампқа көптеген кінәсіз азаматтардың өмірін қиған қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдадым: осынау АҚШ үшін қиын сәтте Қазақстан халқы америкалықтардың қайғысын бөліседі. Президент мырза, Сізге қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамын",– деп жазды Президент твиттер әлеуметтік желісінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу