Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін стадионға келді

509

Кездесу Еуро-2024 чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін стадионға келді Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін "Астана Арена" стадионына келді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ойын алдында екі елдің Әнұраны орындалып, ойын басталды.

Мемлекет басшысымен бірге ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері де келді.

Олардың арасында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген, мини-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака), футбол ардагерлері Михаил Гурман мен Вахид Масудов, бапкер Дмитрий Огай, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин және тағы басқалары бар.

Кездесу Еуро-2024 чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Ойын Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу