Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

474

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент еліміз Конго Республикасын Африка құрлығындағы маңызды серіктес санайтынын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоның жауапты қызметіне толайым табыс, достас Конго халқына құт-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу