Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қырғызстанға барды

363

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен  Қырғызстанға барды Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысы және "ШЫҰ+" форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады.

Қазақстан Президентін "Манас" әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу