Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айында Қырғызстанға барады

1292

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мамырға жоспарланған Қырғызстанға сапары қос ел арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына қосымша серпін береді. Бұл туралы Жогорку Кенештің спикері Талант Мамытов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz  порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айында Қырғызстанға барады

"Биыл жоғары деңгейдегі көптеген екіжақты іс-шара жоспарланған. Оның ішінде негізгісінің бірі – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы мамырда Қырғызстанға сапары болып саналады. Бұл сапар екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беретініне сенімдімін", деді Талант Мамытов Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесу барысында.
       

Қырғызстан парламенті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жогорку Кенештің спикері Алматыда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясының (ТМД ПАА) 30 жылдық мерейтойлық отырысы аясында қазақстандық әріптесімен кездескен.

Кездесу барысында қос ел арасындағы саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту, парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Талант Мамытовтың айтуынша, Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының көлемі былтыр 1 млрд долларға жеткен, өзара саудадағы өсім – шамамен 35%. 
      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу