banner

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен нақты нәтиже жоқ"

691

2020 жылдың 1 қаңтарында енгізілген МӘМС жүйесі тиімсіз. Бұл туралы Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен нақты нәтиже жоқ"

"Медицина саласына бөлінген қаржы көлемі артқанымен, мұнда қордаланған мәселелер шешімін таппай отыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі тиімді болмады, нақты нәтиже жоқ. Үш миллионға жуық адам медициналық сақтандырудан тыс қалған. Соның кесірінен олар денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді толық пайдалана алмайды.  

Үкімет Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруға да тоқталды. Бұл бағыттағы жұмыстардың баяу жүргізіліп жатқандығын сынға алды. 

"Жалпы цифрландырудың қазіргі деңгейі дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп отырған жоқ. Денсаулық сақтау саласында 40-тан астам ақпараттық жүйе жұмыс істейді. Әр жүйенің өз кемшіліктері бар. Министрлік болса, жауапкершіліктен қашып, нақты шешім қабылдамай отыр. Ал мұның зардабын дәрігерлер мен азаматтар тартуда. Үкімет осы мәселені тез арада шешуі керек", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу