Әкімдер де аймақтың тұрақтылығы мен тыныштығына жауапты – Қасым-Жомарт Тоқаев

437

Сондықтан "Үкімет олардың осы бағыттағы жұмысына қойылатын талапты қайта қарауы қажет".  

Әкімдер де аймақтың тұрақтылығы мен тыныштығына жауапты – Қасым-Жомарт Тоқаев

"Шын мәнінде, қазір азаматтық қоғамның көзі ашық. Олар қауіпсіздік саласындағы түйткілдерді шешуге  белсенді түрде қатыса алады. Сондықтан Полиция қызметінің сервистік үлгісін учаскелік деңгейде ғана енгізу аздық етеді. Министрліктің басқа да құрылымдары осы үлгіге көшуі керек. Әсіресе, халықпен тығыз жұмыс істейтін салаларға баса мән берілуге тиіс. 

Сервистік үлгінің басты ерекшелігі – құқық бұзушылықтың алдын-алу. Бұл істе жүйелі ұстаным болуы қажет. Қоғамға қарсы іс-әрекет туғызатын жағдайларды түбірімен жойған жөн. Жағымсыз әлеуметтік факторлардың ықпалын азайту керек. Әсіресе, заңды белден басуға бейім адамдардың тәртіп бұзуына жол беруге болмайды. Мұның бәрі Ішкі істер министрлігі ғана атқаратын жұмыс емес. Бұл – өзге мемлекеттік органдарға да ортақ міндет", – деді Мемлекет басшысы Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында.   

Президент құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі осындай комиссиялардың мүмкіндігін толық пайдалану керектігін айтты.

"Әкімдер де аймақтың тұрақтылығы мен тыныштығына жауапты. Үкімет олардың осы бағыттағы жұмысына қойылатын талапты қайта қарауы қажет. Аймақтың қауіпсіздігі – өте маңызды", – деді Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу