Қасым-Жомарт Тоқаев нан мен ет бағасын қадағалауды тапсырды

1803

Алматыда жұмыс сапармен жүрген Мемлекет басшысы азық-түлік бағасының шарықтап кетпеуін жіті бақылауға алуды жүктеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев нан мен ет бағасын қадағалауды тапсырды

Нан мен ет бағасының қымбаттауына жол берілмеу керек. Алматыда жұмыс сапармен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі азық-түлік құнын қадағалауды тапсырды, деп хабарлайды Atameken Business.

Президенттің айтуынша, республика бойынша әлеуметтік маңызы бар тағамдар – нан мен ет 8,8 пайызға қымбаттаған. Ал Алматы қаласында бұл көрсеткіш 10 пайызға дейін өсіпті. Осы орайда мемлекет басшысы үкіметке азық-түлік бағасының шарықтап кетпеуін жіті бақылауға алуды жүктеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу