Қасым-Жомарт Тоқаев Nazarbayev University-не барды

703

Президент оқу орнын аралап көріп, студенттермен әңгімелесіп, университеттің құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Қасым-Жомарт Тоқаев Nazarbayev University-не барды

Мемлекет басшысы жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және университетті одан әрі дамыту стратегиясымен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа кампусты, ғылыми орталықтар мен зертханаларды дамыту жоспары көрсетілді.

Сонымен қатар ғылым, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, экология және спорт салаларындағы әртүрлі білім беру жобалары мен бағдарламалары таныстырылды. Мемлекет басшысы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының жобаларымен және Энергетикалық ғарыш зертханасының қызметімен танысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу