Қасым-Жомарт Тоқаев пен Поль Кагаме Бірлескен мәлімдеме қабылдады

127

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Поль Кагаме Бірлескен мәлімдеме қабылдады Фото: Ақорда

Келіссөздер қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Руанда Президенті Поль Кагаме Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресми делегация мүшелері мынадай құжаттармен алмасты:

1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Руанда Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі арасында саяси және дипломатиялық консультациялар бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Руанда Республикасы Қаржы және экономикалық жоспарлау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Руанда Республикасы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновация министрлігі арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Руанда Республикасы Білім министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Руанда Республикасы Ауыл және мал шаруашылығы министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

6. "Самұрық-Қазына" АҚ мен Rwanda Mines, Petroleum and Gas Board арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім;

7. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Руанда Республикасы Даму кеңесінің арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

8. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Руанда Республикасы Сауда және индустрия министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

9. "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" АҚ мен Руанда Республикасы Даму кеңесінің арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу