Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам "Этноауыл" көрмесін аралады

442

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам "Этноауыл" көрмесін аралады Фото: Ақорда

Астанаға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын "Этноауыл" көрмесіне барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәртебелі меймандар төл тарихымызды танытатын, соның ішінде ұлтымыздың киім үлгілері, қолөнері, әдет-ғұрпы мен саятшылық дәстүрі, музыкалық аспаптары, кескіндемесі және халық ойындары көрсетілген бірнеше тақырыптық аймақты тамашалады. Экспозицияның әр бөлігі дала өркениетінің ерекшеліктерін паш етеді. 

Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам "Этноауылда" cәбидің тұсауын кесіп, оның өмірлік жолы ашық болуына тілектестік білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу