Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің мемлекеттік резиденциясына шабуыл жасау әрекеттерін айыптады

Бүгін Қазақстан Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің мемлекеттік резиденциясына шабуыл жасау әрекеттерін айыптады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшыларының екіжақты ықпалдастықтың қазіргі жай-күйін талқылағанын Ақорданың телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл Қазақстан – Ресей қарым-қатынасы мазмұнды әрі нәтижелі болды деуге негіз бар.

Негізгі жетістіктердің бірі ретінде екі елдің байланысы жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне жеткенін айтуға болады. Бұл мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызды кезеңіне айналып отыр.

– Қазақстан Президенті Украина қақтығысын реттеу бойынша келіссөз процесінің ілгерілеуін құптап, өзара берік уағдаластыққа қол жеткізуге бағытталған саяси-дипломатиялық тәсілдерді жалғастыру қажет екеніне тоқталды, – делінген Ақорда таратқан мәліметте.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Президентінің мемлекеттік резиденциясына шабуыл жасау әрекеттерін айыптайтынын жеткізіп, мұның бітімге келуге және қақтығыстың саяси шешімін іздеуге кері әсер ететінін айтты.

Әңгімелесу соңында мемлекет басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, қос халыққа бақ-береке тілеген.

Еске салайық, Украина билігі Ресей Федерациясы Президентінің мемлекеттік резиденциясына шабуыл жасау әрекеттеріне өзінің еш қатысы жоқ екенін ескертті. Ал АҚШ Президенті мұндай шабуыл үшін Украинаға қару бермегенін алға тартты.

Бұған дейін Трамп пен Путиннің телефон арқылы сөйлескенін жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу