Қасым-Жомарт Тоқаев "Спутник V" вакцинасына баға берді

837

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік "Спутник V" вакцинасының тиімділігін жоғары бағалады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Интерфкс-Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Спутник V" вакцинасына баға берді Фото: akorda.kz

"Спутник V вакцинасын салғаннан кейін бұл екпенің өте тиімді деп есептеймін. Бірақ бұл вакцинаның әлі күнге дейін халықаралық сертификатқа неліктен ие бола алмай келе жатқанына таңданамын", - деді Тоқаев Шығыс экономикалық форумының жалпы отырысында.

Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында вакцинаны тіркеу үшін екпе 26 тармаққа сай болуы тиіс.

"Лиценция мен сертификат алу үшін бәлкім, осы тармақтардан өту керек шығар. Қалай десек те, де-факто препарат бүкіл әлемде мойындалған. Меніңше, бұл вакцинаны әлемнің 60-қа тарта елі пайдаланып жатыр. Ал репутация жағынан бұл вакцина ешқандай сынға іліккен емес", - деді ол.

Модератордың "Вакцинаға байланысты Ресей Қазақстанға қандай да бір талап қойды ма?" деген сұрағына Тоқаев "Алдын ала ешқандай шарттар болған емес. Әлбетте, біз "Спутник V" вакцинасын сатып алу туралы келістік. Қарағанды қаласында ресейлік препаратты өндіру туралы келісімге қол жеткізілді" деп жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу