Қасым-Жомарт Тоқаев: Сыр елі жұртшылығының бойынан туған жерге деген жанашырлықты көремін

135

Бұл туралы Президент Ұлттық құрылтайдың V отырысында мәлім етті.  

Қасым-Жомарт Тоқаев: Сыр елі жұртшылығының бойынан туған жерге деген жанашырлықты көремін Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әр ауылындағы тазалығын мысалға келтірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі басқосуға Сыр елінің азаматтары қатысып отыр. Олардың ішінде ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер және жастар бар. Осы орайда, жергілікті халықтың еңбекқорлығы мен ұйымшылдығын атап өткім келеді.

Мен Сыр елі жұртшылығының бойынан туған жерге деген сүйіспеншілікті, қамқорлық пен жанашырлықты, нағыз отаншылдықты көремін.  Облыс орталығымен қатар, әр ауылдың тазалығы көз тартады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент Нағи Ілиясов және Таң ауылдарын бүкіл елге үлгі ретінде үнемі айтып жүретінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу