Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Черногория Президентін қарсы алды

190

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Черногория Президентін қарсы алды Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізге ресми сапармен келген Черногория Президенті Яков Милатовичті Тәуелсіздік сарайында қарсы алу рәсімі өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тәуелсіздік сарайында Президенттер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Бұдан кейін мәртебелі мейманның ресми сапарына орай сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Черногория Президенті кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.

Ресми қарсы алу рәсімінен кейін Мемлекет басшыларының қатысуымен шағын құрамдағы келіссөз басталды.

Айта кетейік, 18-20 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Черногория Президенті Яков Милатович Қазақстанға ресми сапары жалғасады.  19 маусымда тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасын талқылайды.

Черногория Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді. Екі ел арасындағы сауда-саттық жанданып келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу