Қасым-Жомарт Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

535

17 мамырда Президент 72 жасқа толады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты салтанатты іс-шаралар жоспарланбаған. Президент туған күнін атап өтпейді", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген.

Мемлекет басшысы былтыр да туған күнін тойламағанын жазғанбыз. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли 17 мамыр Қасым-Жомарт Тоқаев үшін әдеттегідей жұмыс күні екенін айтқан еді. 

Бұған дейін де Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент өз туған күнін атап өтпейтінін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу