Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді

480

Мемлекет басшысы жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев  Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді

Президентті өңір орталығы Жезқазған қаласында Ұлытау және Қарағанды облыстарының әкімдері Берік Әбдіғалиұлы мен Жеңіс Қасымбек күтіп алды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақ әкімі Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласын дамыту жөніндегі жоспарын таныстырады.

Түстен кейін Президент Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу