Қасым-Жомарт Тоқаев: Ынтымақтастығымыздың келешегі зор екені сөзсіз

643

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапары барысында ірі бизнес өкілдерімен кездесті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ынтымақтастығымыздың келешегі зор екені сөзсіз

"АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен кездесуде екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамыту жөнінде сындарлы диалог болды. АҚШ дәстүрлі түрде Қазақстанның жетекші бизнес серіктестерінің қатарына кіреді. Ынтымақтастығымыздың келешегі зор екені сөзсіз", – деп жазды Қасым-Жомарт ТоқаевTwitter-де.

Мемлекет басшысының АҚШ-қа жұмыс сапары кеше, 23 қыркүйек күні басталды. Президент саяси және сарапшы топ өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ, БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиноспен, "Bloomberg" ақпарат агенттігінің басшысымен кездесулер өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтің бұл сапары 5 күнге жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу