Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған елші Әлібек Бақаевты қабылдады

119

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған елші Әлібек Бақаевты қабылдады Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі жаңадан тағайындалған елшісі Әлібек Бақаевты қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әңгімелесу барысында Президент қазақ-британ көпжоспарлы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қатысты негізгі міндеттерді айқындады.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді іс жүзінде тиімді жүзеге асыруға, саяси диалогты жандандыруға, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейтуге, сондай-ақ энергетика, көлік, инновация және білім салаларындағы бірлескен жобаларды ілгерілетуге күш-жігер жұмылдыруды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу