Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министріне көңіл айтты

98

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министріне көңіл айтты Фото: theguardian

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айтты.

– Осындай қиын сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, Сізге және Жапония халқына көңіл айтамын. Қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына сабыр, зардап шеккен отандастарыңыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін, – делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу