Қасым-Жомарт Тоқаев желіде билікті сынайтындарға ескерту жасады

2880

Мемлекет басшысы жалған ақпарат елді адастыруы мүмкін екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев желіде билікті сынайтындарға ескерту жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде билікті сынайтындарға ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның пікірінше, Nur Otan партиясы өз жұмысын жандандырып, ұйымның рөлін күшейте түсуі керек. 

"Жылдар бойы үнсіз болған саясатпен айналысып жүрген кейбір адамдар қазіргі жылымықты пайдаланып, әлеуметтік желіге жаппай шыға бастады. Олар ақпараттық кеңістікті жайлап алды деуге болады. Неше түрлі қауесеттер, жалған ақпарат тарап жатыр. Мұндай ахуал елді адастыруы мүмкін", – деді Мемлекет басшысы партияның кезектен тыс XXII съезінде.

Президент осыған байланысты халық арасында түсіндіру жұмысын күшейту керегін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу