Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге сапарына қатысты баспасөз хатшысы мәлімет берді

485

Президенттің  баспасөз-хатшысы Руслан Желдібай өзінің Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының Мәскеуге жасаған сапарына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарынан сұрақтар келіп түсіп жатқанын жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге сапарына қатысты баспасөз хатшысы мәлімет берді Фото: tengrinews.kz

"Осыған байланысты Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін "үштік газ одағын" құру мәселесі қарастырылғанын атап өткен жөн.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин барлық тараптың мүдделерін ескере отырып, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды", деп жазды Руслан Желдібай.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу