Қатар даму қоры "Әбу Наср әл-Фараби" мешітін жөндеуге 8 млн доллар бөлмек

313

Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Қатар даму қоры "Әбу Наср әл-Фараби" мешітін жөндеуге 8 млн доллар бөлмек Фото: unmet.kz

Қатар даму қоры "Әбу Наср әл-Фараби" мешітінің жөндеу және кеңейту жұмыстарына 8 000 000 АҚШ долларын бөледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Қатарға ресми сапары барысында Қатар даму қорының бас директоры Фахд бин Хамад Әс-Суләйтимен кездесу өтті. 

"Келіссөз нәтижесінде қор Астанадағы "Әбу Наср әл-Фараби" мешітін жөндеу, қалпына келтіру, кеңейту және рухани-мәдени орталық салу жобасына 8 000 000 АҚШ доллары қаржы бөлуге келісті. 

Құрылыс жұмыстары қордың бақылауымен жүргізіліп, толық аяқталған соң ҚМДБ-ға табысталады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу