Қатар елі шөлге төзімді су сақтау жобаларын жүзеге асырмақ

569

Жобаға Media City ұйымы жетекшілік етеді.  

Қатар елі шөлге төзімді су сақтау жобаларын жүзеге асырмақ Фото: lonelyplanet.com

Бұл туралы Еuronews телеарнасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қатарда шөл далада су ресурстарын сақтау бойынша жаңа климатқа төзімді бастамалар жүзеге асырылмақшы. Media City ұйымымен бірлесе отырып, шөлді әрі құрғақ климат ескеріліп, су ресурстарын сақтау бойынша инновациялық климатқа төзімді бастамалар қолға алынып отыр.

Экотехнологиялық компания аспаннан ылғал жинап, одан су өндіру технологиясын қолданбақшы: біреуі – адамдардың шөлін қандыруға арналған, ал екіншісі – ауыл шаруашылығына қажетті суаруға арналған су өндіреді.

Тың жаңалық Qatar 365 бағдарламасының жаңа шығарылымында талқыланды. Хабар жүргізушісі Адель Халим Бангладештің уақытша көшбасшысы, Нобель сыйлығының лауреаты профессор Мұхаммед Юнуспен сұхбаттасып, ғаламшарды қорғауға бағытталған жаһандық әрекеттердің не себепті сәтсіздікке ұшырап жатқанын талқылады.

Сондай-ақ бағдарлама тобы ConocoPhillips компаниясының Ғаламдық су ресурстарын тұрақты дамыту орталығына барды. Джоанна Хоес екі экотехнологиялық компанияны – Skydrops пен агротехнологиялық стартап VFarms-ты аралап шықты. Бұл компаниялар жергілікті жерде "ақылды" су мен азық-түлік шешімдерін ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу