Қатарда футболдан әлем чемпионаты басталды

609

Қатар елінде футболдан әлем чемпионаты басталды. Салтанатты ресми ашылу шарасы "Эль-Байт" стадионында өтті, деп жазады inbusiness.kz.  

Қатарда футболдан әлем чемпионаты басталды Фото: sport.ua

Салтанатты шара Қатардың тарихы мен мәдениетін бейнелейтін театрландырылған көрініс пен түрлі-түсті шоумен басталды.

Ашылу рәсімінде осы елдің әмірі Тамим бин Хамад Аль Тани сөз сөйледі. Осы жолғы чемпионаттың ерекшелігі оның жаз мезгілінде емес, күзгі және қысқы уақытта өткізілуінде. 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтетін 2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты тарихтағы ең қымбат әлем чемпионаты болмақ. Турнирді өткізу үшін 7 жаңа футбол стадионы, метро, әуежай, ауруханалар, қонақ үйлер мен сауда орталықтары салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу